Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтады. Қызылды-жасылды безендірілген әдемі ортада балаларға нағыз мереке ұйымдастырылған.
Осы шараға шақырылған барлық балалар алдымен қызыл кілеммен жүріп өтті.
Қызыл кілеммен жүріп өткен бүлдіршіндер тобын қала әкімі өзі бастады.
Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі Миржан Сатқанов әр бала бақытты болуға лайық деген ойын айтты.
-Құрметті ата-аналар, балалар! Бүгінгі халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын. Бала бәріміз үшін бақыт. Біздің балаларымыз қандай болса да біз оларды жақсы көре береміз. Қолымыздағы барды балаға береміз. Сіздер де солай бала үшін жандарыңызды беріп жүрсіздер. Біз де қолдан келгенше бала қауіпсіздігі, бала болашағы жолында еңбек етіп келеміз. Баршаңызға мереке құтты болсын, - деді қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы.
Салтанатты жиында балаларға арнап концерт қойылып, құнды сыйлықтар табыс етілді.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz