1.06.2023, 10:29
Оқылды: 52

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов түлектерді құттықтады

Бүгін 1 маусым балалар күніне орай барлық мектептерде соңғы қоңырау салтанатты түрде соғылды. Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов №41 мектеп-лицейінде өткен салтанатты жиынға қатысты. Биылғы оқу жылында осы мектепті 52 түлек бітіргелі тұр. Қазір олар ҰБТ тапсырып, біліктіліктерін сынауда.

түлек

мектеп2

Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі Миржан Сатқанов түлектерді биылғы оқу жылын сәтті аяқтауымен құттықтады.

мектеп аким

мектеп3

-Биылғы оқу жылын қала мектептері өте жақсы деңгейде аяқтап жатыр.  Ол үшін барлық ұстаздар қауымына алғыс білдіремін. Ал түлектерді мектепті сәтті аяқтауларыңызбен құттықтаймын. Бүгін 2314 бала мектеп бітіреді.  Сіздер өздеріңіз білім алған алтын ұя мектеппен қоштасасыздар. Мен де ата-анамын, әкемін. Өз қызыма не тілесем, барлық түлекке дәл сондай ыстық ықылас пен жақсы тілек қана тілеймін. Әрдайым жақсы жетістікке жете беріңіздер деді қала әкімі Миржан Сатқанов.

мектеп0

мектеп би

Бүгінгі жиынға мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары мен туыстары да жиналған.

мектеп31

-№41 мектеп-лицейі жаратылыстану-математика бағытында білім береді. Биылғы оқу жылын 544 бала аяқтап жатыр, оның ішінде 52 бала мектеп бітіреді. Оның ішінде үшеуі «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер, төртеуі «Үздік аттестатқа» үміткер деп атап өтті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Гүлдана Иманиязова.

фон

Салтанатты жиын соңында мектеп өмірінде белсенді болған мектеп бітірушілерді алғыс хаттармен марапаттады.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале