22.05.2020, 10:40
Оқылды: 39

Орал қаласының әкімі тұрғындарды карантиннің санитарлық нормаларын қатаң сақтауға шақырды

B33423D8-3627-47DE-A8BD-746E4ECDFDA6

Құрметті жерлестер!

COVID-19: Жер шарын шарпыған пандемия әлем құрылысына  көптеген өзгерістер әкелді. Қоғамдық сананы өзгертті. Төтенше жағдайдан соң босаңсуға болмайды, ахуал күн сайын ушығып, қауіп төндіріп тұр. Бұның нақты факті екенін мойындауымыз қажет. Бұған мән бергіміз келмесе де, бұлтартпас статистика коронавирус індетін жұқтырушылардың көбейіп жатқанын көрсетіп отыр.

Қазіргі уақытта біздің өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 360 фактісі болса, оның ішінде 214-і қаламызда тіркелді. 81 жұқтыру фактісі Ресей Федерациясынан келгендер, ал 55-і Атыраудан келгендер есебінен тіркеліп отыр. 4  адам ауыр халде (!). Егер алғашқы кезде жұқтырушылар саны сырттан келгендерден құралған болса, қазір қала мен аудан тұрғындары арасында таралып жатыр. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 9  бала, тіпті олардың қатарында бір жасар бала да бар. Коронавирус инфекциясын 2 полиция қызметкері, 56 медицина саласы қызметкері,  5 зейнеткер, 3 студент жұқтырған.

Қалыптасқан жағдайдың күрделі екенін ескере отырып, Орал қаласының тұрғындарынан карантиннің санитарлық нормаларын сақтауға шақырамын. Тұрғындар барынша өзін оқшау ұстауға: аралас-құраластықты азайтуға, аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға, өзге адамдармен байланысты шектеуге ұмтылғаны абзал. Көп жағдайда коронавирус инфекциясы ауру белгілерінсіз өткенімен, өзгелерге жұғуы мүмкін.

Алғашқы қауіпсіздік шараларының бірі- қорғаныс маскасы мен қолғабын кию, антисептікті қолдану.

Төтенше жағдай алынғанымен, қалада карантин режимі сақталуда. Бәсеңдету шаралары шектеудің алынғанын білдірмейді.

Орал қаласының тұрғындарын өз қауіпсіздігі үшін карантин режимін қатаң сақтауға шақырамын. Қоғамдық көлікте, дүкендер мен жұмыс орындарында  сақтық шараларын барынша ұстаныңыздар!

Орал қаласының әкімі

Абат Шыныбеков

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале