28.05.2024, 19:00
Оқылды: 92

Орал қаласының екі мектебі республикадағы үздік мектептер қатарында

Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023-2024 оқу жылындғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадаға қатысқан мектептердің сапалық рейтингісін жариялады. Рейтингке сәйкес, олимпиада бойынша үздік мектептер анықталды, деп хабарлайды Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі. 

IMG-20240528-WA0043

Республикадағы үздіктер қатарына жақсы көрсеткіштермен Орал қаласындағы №35 лицей мен А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы енген.

IMG-20240528-WA0042

№35 лицейден биыл республикалық пәндік олимпиадаға төрт оқушы жолдама алып, екеуі жүлделі ІІ орынды, біреуі ІІІ орынды иеленді. А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының бір оқушысы І орын иегері атанып, бір оқушы алғыс хатпен марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале