17.02.2021, 15:45
Оқылды: 215

Орал қаласының оқушылары ыстық тамақпен 100% қамтылуда

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Орал қаласының 51 мектебінде кезекші сыныптарға ыстық тамақ беру ұйымдастырылуда. Асханалар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 611 бұйрығының білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарына сәйкес жұмыс жасауда.

WhatsApp Image 2021-02-03 at 17.14.40

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша754 түрлі санаттағы отбасы балалары және 21492 бастауыш сыныптар ыстық тамақпен қамтылып отыр. Күні бүгін қаланың 31 мектебінде буфеттік тамақтандыру жүргізілуде.

Облыс бойынша 220 мектепте 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына ыстық тамақ беру ұйымдастырылған.

Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде білім беру ұйымдарында тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен асхана орнының 30% толымдылығы қамтамасыз етіледі.

 

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале