«QAZAGQAZ AIMAQ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы қаланың солтүстік-шығыс шағынауданында жоғары қысымды газ құбырында өндірістік-жоспарлы жұмыс жүргізуге байланысты газ беруді уақытша тоқтату туралы хабарлады. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сурет: pixabay.com
«Жөндеу жұмысы 18 шілде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі. 19-20 шілде күндері газ кезең-кезеңімен қайта іске қосылады.
Газ беру уақытша тоқтайтын аумақтарға 7, 9, 10-шағынаудандар, Жұлдыз және Ескі әуежай, Орал-Желаево, Орал-Бузулук трассасы, Жұлдыз, Б.Жұмағалиев көшесі, Ш.Қоспанов көшесі, Б.Жұманиязов көшесі, Правдухин көшесі, Тәуелсіздік көшесі, Қазбек би көшесі, Төле би көшесі және Әбілхайырхан даңғылы кіреді.
Қауіпсіздік үшін газ құрылғыларының крандарын ажырату қажет», - делінген әкімдіктің хабарламасында.
zhaikpress.kz