15.11.2022, 12:15
Оқылды: 40

Орал қаласының тұрғынынан тапанша мен мылтық тәркіленді

11 қараша күні 1966 жылғы ер адамның тұрғылықты мекенжайын тінту шаралары кезінде үйден жауынгерлік мылтық, тапанша және 9 мм-лік 6 патрон табылды деп хабарлады БҚО ПД Баспасөз қызметі.

4
Іздеу жұмыстарын БҚО ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және БҚО Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген.
Бүгінде тәркіленген қару сараптамаға жолданды. 1966 жылғы ер азаматқа қатысты ҚР ҚК 287 бабы 3- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды деп мәлімдеді БҚО Баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале