1.10.2024, 14:00
Оқылды: 108

Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Орал қаласының әкімі болып Мұрат Болатұлы Байменов тағайындалды.

25914965-3C96-44AE-85A7-DC161CC1BC68

Сурет: Орал қаласының әкімдігі

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, әкім лауазымына кандидатура ұсынды. Депутаттар оны қолдады.

– Мұрат Болатұлы көп жылдар бойы Орал қаласында және облысымызға қарасты аудандарда жұмыс істеді. Барлық мәселелермен таныс. Ең бастысы, қала тұрғындары оны жақсы біледі. Жинақталған тәжірибесі мен білімі оған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзінің әлеуетін іске асыруға көмектеседі деп сенемін, – деп атап өтті өңір басшысы.

Нариман Төреғалиев жаңа әкімнің алдына облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Мұрат Байменов 1969 жылы дүниеге келген. Әр жылдары БҚО қаржы басқармасы бастығының орынбасары, Шыңғырлау және Зеленов ауданы әкімдерінің орынбасары, БҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі, БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары, «Жайық жылу қуат» АҚ бас директоры қызметтерін атқарған.

2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале