15.04.2025, 21:00
Оқылды: 67

Орал NIS оқушылары Республикалық робототехника олимпиадасынан жүлделі орын иеленді

12–13 сәуір күндері елордада «Bilim shyny FIRST Championship» атты робототехника және ғылыми жобалар бойынша республикалық олимпиада өтті. Бұл дода еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылардың басын қосып, олардың ғылыми-техникалық шығармашылығы мен ойлау қабілетін дамытуға бағытталды. Олимпиада барысында қатысушылар өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды, сондай-ақ арнайы тапсырмалар аясында роботтарды басқару, бағдарламалау және олар арқылы түрлі күрделі міндеттерді орындау бойынша жарысты.

photo-output

Аталмыш олимпиадада Орал қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, ерекше көзге түсті. 11 «С» сынып оқушысы Серік Әлихан мен 10 «E» сынып оқушысы Утеуова Лейсаннан құралған «TidalTumble» командасы байқау қорытындысы бойынша ең жоғары марапат – “CHAMPIONS AWARD WINNER” атағына ие болды.
Бұл жеңіс – оқушылардың табандылығы мен еңбегінің, жетекші ұстаздың кәсіби қолдауының нәтижесі. Команданың робототехника бағытындағы жетекшісі – Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы оқушылардың дайындық процесіне жетекшілік етіп, олардың әлеуетін толық ашуға ықпал етті.
«TidalTumble» командасының жобасы техникалық жағынан күрделі, мазмұнды әрі тың идеяларға толы болды. Олар роботты нақты тапсырмалар аясында шебер басқарып, оның көмегімен күрделі миссияларды сәтті орындап шықты. Сонымен қатар, команданың ғылыми жобасы да қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Осындай деңгейдегі жетістік Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үшін ғана емес, жалпы Орал қаласының білім беру саласы үшін де зор мақтаныш. Бұл жеңіс – болашақ инженерлер мен ғалымдардың алғашқы ірі қадамы.
Оқушылар мен олардың жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале