3.12.2024, 12:00
Оқылды: 104

Орал NIS оқушысы республикалық Әбіш оқуларында жеңімпаз атанды

Ақтау қаласында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтті. Аталған байқауда Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің намысын Түркістан, Ақтау және Орал НЗМ оқушылары бір команда болып қорғады. Бұл туралы Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

3b31faa4-470a-4e7a-bc55-82c257ec4ebf

Оның ішінде Орал қаласы NIS-тің 10-сынып оқушысы Айша Байдат шығармашылық зерделеу жобасы бағыты бойынша 1 орынға ие болды. Зияткеріміз «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы көркемдегіш сөздерді тілдік қолданысқа енгізу» («soyle.kz» YouTube каналы негізінде) тақырыбында төл жобасын назарға ұсынды.

Зияткеріміздің айтуынша, бұл канал арқылы Ә. Кекілбаев шығармаларында кездесетін тұрақты сөз тіркестері, көркемдегіш кұралдармен танысып, оларды оңай есте сақтауға болады.

Контенттің артықшылығы ретінде бейнежазбаларға көрермен назарын аударту үшін бірнеше әдістер қолданылды: әртүрлі анимациялар, ассоциация әдісі, жасанды қажеттіліктер тудыру.

bd1c0ab7-8313-4721-9c7d-a454fe60e08d

– Жобамның мақсаты – жазушы Әбіш Кекілбаевтың жеке авторлық  тілдік қолданысын, лингвомәдени ерекшеліктерін «soyle.kz» YouTube каналы негізінде насихаттау. Аталған канал арқылы ұлы қаламгердің көркем тілін көрсетіп, жазушының  мәнерлі тілін оқушылардың сөз саптауына енгізгім келеді. Осы тақырыпты зерделеуге түрткі болған жетекшім  Зәмзәгүл Тілепбергенқызымен бірлесе жұмыс істеуді жетістікке теңер едім. Зияткер оқушыларды «soyle.kz» YouTube каналын қарап, жазушы Әбіш тілін үйренуге, шығармаларын оқуға шақырамын, - дейді Айша.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале