9.10.2024, 17:15
Оқылды: 23

Орал NIS-тің оқушысы республикалық олимпиаданың ІІІ орын иегері атанды

Орал NIS-тің 11-сынып оқушысы Дана Тәжмұқан машина жасау бағыты бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ орын иегері атанды. Бұл туралы Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

718a8e3f-939f-44e9-8973-4f1e13d42623

Қазақстанда алғаш рет машина жасау бойынша олимпиаданы А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетімен бірлесе Қарағанды құю-машина жасау зауыты ұйымдастырды.

Олимпиаданың мақсаты – машина жасау саласындағы мамандықтарды дәріптеу, аталған бағытқа жастардың қызығушылығын арттыру.

Сайысқа еліміздің әр түкпірінен 12 оқушы қатысты. Олар 182 үміткердің арасынан онлайн іріктеу турнир арқылы таңдалды.

cad5c8c2-bb9a-44bb-aba7-30449c291da1

Қатысушылар теориялық және практикалық дағдыларымен, химия, физика, өнеркәсіптік қауіпсіздік, сызу, материалтану, металлургия бойынша білімдері бойынша бақ сынасты.

Сонымен қоса қазылар алқасы металды дәнекерлеу, бөлшек тораптарын құрастыру және басқару бағдарламасын әзірлеу қабілетін бағалады.

Болашақта машина жасау саласында қызмет атқаруды қалайтын оқушымыз Дана Тәжмұқан аталған байқауда үздіктер қатарынан көрініп, Apple MacBook-ге ие болды.

Жетекшісі – мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Гульнара Кайдарова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале