3.05.2023, 13:00
Оқылды: 2

Орал тұрғыны 59 млн теңгенің темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан

Орал қаласының тұрғыны құны 59 млн теңге тұратын темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6dcae51c-4226-438b-9f63-0cf5b0ca012b

Видеодан алынған кадр/t.me/afm_rk

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын Алматыдан контрабандалық темекі өнімдерін тасымалдап, қала базарларындағы бөлшек сауда орындары арқылы сатқан.

«Тұрғыннан 100 мыңға жуық қорап темекі табылды. Ол қомақты көлемде акцизделетін тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрімен айналысқан. Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы саны 93 мың қораптан асып, құны 59 млн теңгені құрады. Аталған дерек негізінде БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді. Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, заттай айғақтар одан әрі шаралар қабылдау үшін сот орындаушыларына жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 541 млн теңгеден астам залал келтірген қаржы пирамидасы бойынша тергеу жүріп жатқанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале