25.08.2022, 16:15
Оқылды: 82

Орал тұрғынынан 40 дана киік мүйізі тәркіленді

Орал қаласы тұрғынынан 40 дана киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 тамыз күні Зачаган кентінде болды.

8

«Сағат 14.00-де Жәңгір хан көшесі бойында Жастар аялдамасы маңында 41 жастағы ер адам қолға түсті. Одан 40 дана киік мүйізі тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігіне (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар, сондай-ақ олардың дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында аталған ер адамның киіктің осыншама мүйізін қайдан алғаны, қайда сатқысы келгендігі анықталатын болады», деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале