Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің сарбазы әлеуметтік желідегі оқырманды даусымен тәнті етті.
Атап өтер болсақ, әскери бөлімнің әскери оркестірінің қызметкерінің tik-tok желісіне жүктеген қатардағы Едіге Шайдуллиннің орындауындағы «Я буду всегда с тобой» атты әні аз ғана уақытта көптеген қаралым жинап, желі қолданушыларының көңілінен шығып, қызу талқыланып жатыр.
Мәселен желі қолданушылары:
«Ах,бұл дауыстың тембрін-ай», «Агутиннің өзі ән салып жатыр ма десем, сіздің орындауынызда мүлдем керемет екен», «Керемет барқытты дауыс, құлақ құрышын қандыруда», «Қазақстан сіздердің тұрғындарыңыз өте керемет екен. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін- Сәлеммен Бішкектен» сынды пікірлер қалдырып, Едіге Шайдуллинді атақты әнші Леонид Агутинның ізбасары ретінде көріп отыр.
ҚР ІІМ ҰҰ
«Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі