27.05.2024, 16:07
Оқылды: 1

Орал: ұландық сарбаз «Қазнетті» таң қалдырды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің сарбазы әлеуметтік желідегі оқырманды даусымен тәнті етті.

InShot_20240527_155629099

Атап өтер болсақ, әскери бөлімнің әскери оркестірінің қызметкерінің tik-tok желісіне жүктеген қатардағы Едіге Шайдуллиннің орындауындағы «Я буду всегда с тобой» атты әні аз ғана уақытта көптеген қаралым жинап, желі қолданушыларының көңілінен шығып, қызу талқыланып жатыр.

Мәселен желі қолданушылары:

«Ах,бұл дауыстың тембрін-ай», «Агутиннің өзі ән салып жатыр ма десем, сіздің орындауынызда мүлдем керемет екен», «Керемет барқытты дауыс, құлақ құрышын қандыруда», «Қазақстан сіздердің тұрғындарыңыз өте керемет екен. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін- Сәлеммен Бішкектен» сынды пікірлер қалдырып, Едіге Шайдуллинді атақты әнші Леонид Агутинның ізбасары ретінде көріп отыр.

ҚР ІІМ ҰҰ

«Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале