14.02.2024, 16:30
Оқылды: 79

Орал: Жатақхана терезесінен құлап кеткен қыз ауруханадан үйге шықты

Оралдағы Педагогикалық колледж жатақханасының 8-қабатынан құлап кеткен қыз балаға дәрігерлер бірнеше операция жасаған.

Полиция ЖП 2023

- Ең күрделі операция оның омыртқасына жасалды. Қазір қыз бала есін біледі, сөйлейді. Бірақ әлі тұрып жүре алмайды. Студент қыз үйге шығарылды. Ол дәрігерлердің бақылауында, ем жалғасып жатыр, - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 21 қазаны күні Орал қаласындағы педагогикалық колледж жатақханасының 8-қабатынан 17 жастағы қыз бала құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.

Бүгін БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы іске қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды деп мәлімдеді.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале