Батыс Қазақстан облысы жастарының бастамасымен 2018 жылдың 15 наурызынан бастап Орал қаласы бойынша және аудандардар мен ауылдық елді-мекендерде көктемгі суға кетудің алдын-алу мақсатында «Жәрдем» көпшілік қар тазалау акциясы басталады.
Акцияның мақсаты –жалғыз басты қарияларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына жастар арасынан еріктілерді тарту арқылы жеке аулалардан қар шығаруға көмектесу және қала көшелеріндегі басты су ағатын арықтарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізу.
"Жастардың бастамаларын қолдауға жеке кәсіпкерлерді, әр сала қызметкерлерін және барлық аудан және Орал қаласы тұрғындарын өздеріне қарасты мекемелер мен жеке аймақтарды қардан тазалауға шақырамыз" дейді акцияны ұйымдастырушылар.
Акция 15 наурыз күні сағат 16.00-де Зашаған кенті аймағында орналасқан №6 қалалық емхана маңын тазалаудан басталады.
zhaikpress.kz