14.12.2016, 19:41
Оқылды: 47

Оралда «Ұлы Дала өнімдері» жәрмеңкесі өтеді

screenshot_2016-12-15-06-52-41-2Оралда 15-17 желтоқсан аралығында «Ел ырысы» көтерме-бөлшек базарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Ұлы Дала өнімдері» ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтеді.


Шараның ұйымдастырушылары БҚО әкімдігі атынан «Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, Орал қаласы әкімдігі атынан Орал қаласы ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдері, «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ болып табылады.
screenshot_2016-12-15-06-54-11-1Жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысының 30-дан астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары; Батыс Қазақстан облысының мал шаруашылығы өкілдері қатысады деп күтілуде.
screenshot_2016-12-15-07-39-21-115 желтоқсан – астық, макарон өнімдері, өсімдік майы, жұмыртқа, тауық еті, сүт және сүт өнімдері, сары май, майонез, консервілер, балық өнімі, шұжық өнімдері, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал, жеміс-жидек, өңделген азық-түлік (бакалея), 500-ден астам атауларының ассортиментін ұсынады.
16-17 желтоқсан – жылқы және сиыр еті (төшке және жартылай төшкелер, 1 кг -1100-1200 тг).

Жәрмеңке күн сайын сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Анықтама телефондары: 8 (7112) 27-14-27, 8 702 7907507, 8 777 5653311.

 

БҚО əкімінің баспасөз қызметі
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале