10.07.2024, 17:01
Оқылды: 353

Оралда 13 жастағы ер бала су сорғысының кесірінен қайтыс болды

4 шілде күні Орал қаласындағы Деркөл өзені аумағында ойнап жүрген балалардың бірі суға секіремін деп жазым болды.

Жедел жәрдем ЖП

– Балалар суға түсуге тиым салынған жерде шомылған. Суға секірген баланың бірінің аяғын саяжайдағы суды соруға қойған су сорғысы тартып әкеткен. Оқиға салдарынан 2011 жылы туған ер бала қайтыс болды. Ол жердегі су сорғысы төтеншеліктерге тиесілі емес, - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға куәгерлері шұғыл түрде жедел жәрдем шақырғанымен баланы құтқарып үлгермеген.

– 4 шілде күні кешкі 19:09-де жедел жәрдем бекетіне аспалы көпір маңында жасөспірімнің ес-түссіз жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел барған медицина қызметкерлері ер баланың қайтыс болғанын анықтады. Жасөспірім жедел жәрдем қызметі барғанға дейін қайтыс болып кеткен,- деп мәлімдеді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны тіркеуге алғандарын мәлімдеді.

Ал саяжайдағы суды айдау үшін қойылған су сорғысының кімге тиесілі екені әзірге белгісіз.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале