29.11.2018, 18:31
Оқылды: 62

Оралда №20 маршруттағы автобустар түгел жаңартылды

ҚР тұңғыш Президенті алаңында облыс əкімі Алтай Көлгінов пен Орал қаласының əкімі Мұрат Мұқаевқа жаңа қоғамдық көліктер таныстырылды. «Уралтехсервис» компаниясына қарасты №20 маршруттағы қоғамдық көліктер түгел жаңартылып, «Vektor» маркалы 35 автобус пайдалануға берілді. Автобусқа төрт бейнекамера орнатылған, оның екеуі салон ішінде. Көлік сыйымдылығы - 70 адам.

avtobus (14)

- Қаладағы жолаушы тасымалдайтын 6 кəсіпорынның үшеуі 35 жаңа қоғамдық көлік алды. Оларға екінші деңгейлі банктерден кредит берілді. Биыл «Ақжол-авто» мен «БатысДилижанс» ЖШС 7 мен 39 маршруттары бойынша жаңа 10 автобусты іске қосса, «Уралтехсервис» те «Vektor»-ға қол жеткізуде. Келесі жылы кəсіпорындарға «БРК-лизинг» компаниясы арқылы «Daewoo» маркалы 135 автобус алуды жоспарлап отырмыз. Қала ішінде 455 қоғамдық көлік жүреді. Екі жыл бұрын газель көлігі 130 болса, биыл олардың 50-і ғана қалды. Қазіргі уақытта «Smartsity» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жол картасымен жұмыстанудамыз. 28 қалалық маршрут бойынша барлық көлікте GPS құрылғысы орнатылған. «InfoBus» қосымшасы арқылы маршрутар қозғалысын 73 мың қолданушы онлайн бақылай алады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы ауқымында биыл сегіз бағыттағы маршрутпен жолақыға арналған көлік карталарын қолданысқа енгіздік. Жеті маршруттағы көліктер SMSBUS бағдарламасы арқылы төлем жүйесіне қосылды. Жыл соңына дейін барлық маршрут электронды билетпен қамтамасыз етіледі. Жыл басында қоғамдық көліктердің 65 пайызы тозығы жетсе, қазір бұл көрсеткіш 54 пайызға дейін төмендеді, - деді Орал қаласының əкімі Мұрат Мұқаев.

avtobus (15) avtobus (13) avtobus (12) avtobus (11) avtobus (7) avtobus (6) avtobus (5) avtobus (4)

avtobus (3)

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале