30.07.2024, 9:00
Оқылды: 234

Оралда 200-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің саптық алаңында 200-ден астам жас салтанантты түрде әскери ант қабылдады. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

7FC09799-FD9B-475F-8FDB-ADE35F619B3B

Отан алдындағы борышын өтеуге сарбаздар Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан келген. Сарбаз болып сап түзеп, Отан алдында серт беруге жиналған өрендерді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов, әскери бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Марат Абдрахманов, Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Дәурен Шамуратов, сарбаздардың ата-аналары және әскери бөлімінің басшылығы құттықтап, сарбаздарға ел тыныштығын күзету ісінде сәттілік тіледі.

Сарбаз ЖП Орал

Сарбаздар әскери ант қабылдаған соң, өздері дайындаған қоян-қолтық ұрыстан көрініс көрсетіп, іс-шара әскери оркестрдің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

E0DAD4E5-7A92-4D41-9B14-E7C9F71846D3

Әскери ант қабылдау рәсімі аяқталысымен әскери бөлім басшылығы бөлімнің мәжіліс залында сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп, көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале