3.08.2022, 10:00
Оқылды: 105

Оралда 200-ге жуық жас сарбаз Отанға адал болуға әскери ант берді

Оралда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің базасында Ұлттық ұланның Алматы, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынан шақырылған 200-ге жуық жас сарбаздар салтанатты түрде Отанға адал болуға әскери ант берді.

5

Отанға адалдық ант беру – әрбір жауынгердің өміріндегі ең салтанатты сәт. Одан кейін әскерге шақырылғандар ел қорғауға толық жауапкершілікпен қарайтын нағыз жауынгерге айналады.

6

Салтанатты шараға құрметті қонақтар арасында: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев, Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов, Батыс Қазақстан облысы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Жаншин, Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Алтынбай Раев, 5517 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Марат Әбдірахманов, сондай-ақ жас сарбаздардың ата-аналары мен тума-туыстары қатысты. Олар жас жауынгерлерді құттықтап, болашақта өз Отанының сенімді қорғаушысы болу үшін әскери борышын өте жауапкершілікпен өтуге шақырды.

Өз кезегінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев жас сарбаздар алдында сөз сөйлеп, әскери ант әрбір адамды өз халқына, Президентіне, Ата Заңына адал болуға міндеттейтін құжат екенін айтты.

- Еліміздегі тұрақтылықты, бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуде сарбаздар Қазақстанның игілігі мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосады. Ал енді әскерге шақырылғандардың алдында әскери борышын абыроймен атқару, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүріне адал болу, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді адал атқару маңызды міндет тұр, - деп атап айтты Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов.

7

- Мен ұлымның Ант беруіне Алматы облысынан келдім. Ұлымыз Отан алдындағы борышын өтемек. Біз оның патриот болып, Ұлттық Ұлан сапына қосылғанына қуаныштымыз, әрі мақтан тұтамыз, - дейді қатардағы жауынгер Берік Давлетовтың әкесі Айтқали Давлетов.

8

Ант қабылдау рәсімінен кейін ата-аналар мен қонақтар әскери қызметтің тыныс-тіршілігімен таныстырылып, казарма, асхана мен клуб көрсетіліп, жауынгерлер әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады.

9

Салтанатты шара соңында әскери бөлім басшылығы мен сарбаздардың ата-аналары арасында кездесу өткізіліп, туған-туыстар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

Бір айта кетерлігі, ант алдында жас жауынгердің курсы өтті. Бір ай бойы әскерге шақырылғандар жалпы әскери жарғыларды оқыды, ұрыс, атыс және дене шынықтыру даярлығымен айналысты.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале