14.02.2017, 17:20
Оқылды: 59

Оралда 2,5 мың адам қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылған  

Орал қаласы Қазақстандағы ең таза қалалар қатарында. Мұнда жергілікті полиция айтарлықтай үлесі бар. Мәселен, былтыр көшеде құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 42 мыңнан астам адам тартылған. Оның 2,5 мыңы қаланың абаттандыру ережесін бұзғаны үшін және қоғамдық жерлерді ластағаны үшін жауапқа тартылғандар.


Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалада 1874 бейнекамера жұмыс істеп тұр. Былтыр «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында қосымша 176 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар, «Ақылды қала» жобасы аясында қала көшелерінде, аялдамаларда 300 бейнекамера орнату жоспарлануда.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале