Орал қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірге әуесқой жүргізушілер арасында рейд жүргізді. Рейд мақсаты автоәуесқойларды мүмкіндігінше көбірек қамтып, оларға көліктегі өрттің қауіптілігін жеткізу.
Орал қаласы бойынша 2016 жылы 265 өрт тіркелген. Соның 49 оқиғасы автокөлік өртенуі.
Бұл үрей тудыратын мәселе. Көбінесе жеңіл автокөліктер өртенуге бейім келеді. Өрттің негізгі себептерінің бірі автокөліктің техникалық жағдайы және өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағанның кесірі.
Автокөліктегі өрт - өте қауіпті, төтеншелігі жылдам және бүлдіруші. Машина күтпеген жерден тұтанып жанады, қозғалыс кезінде және егер де алғашқы минуттарда ештеңе қолданбаған жағдайда, бірнеше минут ішінде толық жанып кетеді. Сондықтан, автокөлік жану кезінде жүргізуші өзінің күші мен мүмкіндігін есептеп, болуы мүмкін өртке әрқашан дайын болуы қажет. Сонымен бірге, отандық автокөліктер ғана емес, сенімді болып табылатын шетелдік көліктер де иесінің көз алдында жанып кетіп жатады. Әрқашан машинаның қарайған темір арқауы және қозғалтқышы қалады, ол тек материалдық шығын ғана емес, адам өмірін де алады.
Өрттің себептері көп: автокөліктің құрылғысының істен шығуынан бастап анда-санда болатын найзағайдың түсу мүмкіндігі де жеткілікті. Көп таралған себептерінің бірі электр желілерінің қысқа тұйықталуы және мотор бөлігіндегі электр құрылғыларының бұзылуы. Әсіресе нашар оқшауланған өткізгіштер арасындағы ұшқындар қауіпті. Жанғыш ортада тұтату көздері өте көп: майлы мотор бөлігі, электр сымдарының оқшаулағышының жануы, жанармай бөлігіндегі болмашы ақау өртқауіпті концентрация түзеді және ұшқындар өртке алып келеді. Сондықтан автокөлік салонында өрт сөндіргіштің болуын талап етуі өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің, жол полициясы инспекторларының назы емес, қажетті қауіпсіздік шаралары болып табылады. Әрбір көлікте ұнтақты және көмірқышқылды өрт сөндіргіш болуы тиіс.