Оралдың Зашаған кентінде 216 пәтерлік көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Әлеуметтік осал топтарға арналған көп қабатты үйдің 72 пәтері көп балалы отбасыларға, 29-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, қалғаны Орал қаласы бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрған тұрғындарға берілмек.
- Қазір Орал қаласында 14 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда. Оның ішіндегі төртеуі әлеуметтік осал топтарға арналған. Құрылыс мердігері – «Альтаир» ЖШС. Тұрғын үй пайдалануға беруге толықтай дайын. Енді пәтерлерді бөлу бойынша жұмыстар басталады,- деді Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев.
Гүлсезім Бияшева,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер