30.10.2023, 11:45
Оқылды: 125

Оралда 8-қабаттан құлаған қыз есін толық жинаған жоқ

Оралда 8-қабаттан құлаған студент қыз есін әлі толық жинамаған. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі айтты.

Жедел жәрдем ЖП
- 17 жастағы қыз бала биіктіктен құлап жедел жәрдеммен, ауруханаға жеткізілген болатын. Студент әлі күнге дейін есін толық жинаған жоқ. Есін біліп жатыр деп айтуға ерте. Бүгінде науқас нейрохирург пен хирургтің қатаң бақылауында. Әлі реанимацияда жатыр. Бірнеше сүйегі сынған. Сынған сүйектеріне алдағы уақытта бірнеше операция жасалады. Әзірге науқасты қозғауға болмайды, - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Орал қаласындағы студенттер жатақханасынан 21 қазан күні 17 жастағы студент қыздың құлап кеткендігі туралы жазған болатынбыз. Қазір қыз бала облыстық көпбейінді балалар аурханасында жатыр.
- Оқиға туралы сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деген еді облыстық полиция департаменті.

Жанат Көшкінбай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале