10.03.2022, 15:50
Оқылды: 38

Оралда 8 наурызда екі әйел соққыға жығылған

Батыс Қазақстан облысының полицейлері аяусыз ұрып-соғылған екі әйелге қатысты деректі тексере бастады. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3

Айта кетейік, қорқынышты кадрлар әлеуметтік желілерде таралған еді. Хабарламаларда әйелдер жерасты өткелінде орналасқан кафеде өлтірілген болуы мүмкін деп көрсетілген.

Полицейлер басында бұл фото фейк екенін мәлімдеген еді, бірақ біраз уақыттан соң осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

2

"8 наурызда таңғы сағат 5 шамасында белгісіз адам Абай даңғылындағы "Андеграунд" кафесінде екі әйелге дене жарақатын салған. Жәбірленушілер дәрігерлер тексергеннен кейін қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2000 жылы туған ер адам анықталып, ұсталды. Бұл дерек СДТБТ-де тіркелді. Осы жағдайға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале