21.11.2024, 15:00
Оқылды: 53

Оралда әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

WhatsApp Image 2024-11-21 at 12.04.31 (1)

Кеңес отырысында өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын енгізуге ерекше назар аударылды. Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқы, азаматтармен өзара іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау мәселелері бойынша жүйелі оқыту қажеттілігін талқылады.

«Сонымен қатар қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта заңсыз пайдалану жағдайлары қаралды. Кеңестің мүшелері қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау және бұзушыларға тәртіптік шаралар қолдану қажеттігін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін қызметтік көліктерді пайдалануға бақылауды күшейту және тұрақты мониторинг жүргізу тетіктерін енгізу ұсынылды. Өңірлік көліктік бақылау инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыс туралы есеп ұсынды.

Сондай-ақ кеңес отырысының барысында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мінез-құлық мәдениетін жақсарту, олардың жауапкершілігін арттыру және мемлекеттік органдар ресурстарын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша практикалық шаралар талқыланды», - деп хабарлады агенттік.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің тәртіптілігін нығайту және әдеп нормаларын сақтау мақсатында бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Соған қоса, қызметтік әдеп талаптарын сақтамау және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерді жасау фактілері бойынша Орал қаласы мен Жаңақала ауданының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік іс материалдар қаралып, кеңеспен тиісті тәртіптік жазаларды қолдану туралы шешім қабылданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале