17.03.2026, 12:45
Оқылды: 43

Оралда AELLCA семинары өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында «XXI ғасыр мұғалімі: кәсіби даму стратегиялары және тиімді өзара әрекеттесудің тәсілдері» тақырыбында мектеп директорының орынбасарларына арналған семинар өтті.

WhatsApp Image 2026-03-19 at 12.49.40 (2)

Семинар барысында мектеп директорларының орынбасарлары педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізу және тиімді оқу ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

WhatsApp Image 2026-03-19 at 12.49.40 (1)
Семинар бағдарламасы екі сессиядан тұрды:
1-сессия: Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы: халықаралық стандартын кіріктіру тәжірибесі.

WhatsApp Image 2026-03-19 at 12.49.39
Бұл бөлімде мұғалімдердің кәсіби өсуін жүйелі ұйымдастырудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Қатысушылар халықаралық тәжірибеге негізделген кәсіби даму модельдерімен танысып, мектеп ішінде коучинг, менторинг, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын талқылады.
2-сессия: Сыныпты басқару техникалары – нұсқау беру және рефлексия.
Сессия барысында мұғалімнің сабақтағы басқару дағдыларын жетілдіру, оқушыларға нақты әрі түсінікті нұсқау беру, оқу үдерісінде кері байланыс пен рефлексияны тиімді қолдану мәселелері қарастырылды.

WhatsApp Image 2026-03-19 at 12.49.41
Бүгінгі шарада Оралдағы «Өрлеу» тренерлері AELLCA халықаралық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, British Council бастамасымен және Ұлыбритания Үкіметі қолдауымен жүзеге асқан бағдарлама бойынша алған тәжірибелерін кеңінен ұсынып, тың идеялармен бөлісті.

WhatsApp Image 2026-03-19 at 12.49.40
Семинар қатысушылары үшін тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және білім беру ұйымдарын басқарудың заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.
И.М.Бадакова

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ»
филиалының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале