24.04.2023, 20:40
Оқылды: 60

Оралда әйел адам баласын қоқысқа лақтырып кеткен

Бүгін сағат 11-лер шамасында полицияға Надежда көшесі 66-ы үйдің артқы жағындағы қоқыстан жас сәбидің табылғаны туралы ақпарат түседі.

16-14-SHymcenttegi-bir-meshitten-tastandy-sabi-tabyldy

Суреттің дереккөзі: turkystan.kz

Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары пакетке оранған ұл баланы тауып, дереу қалалық ауруханаға жеткізеді. Қазіргі уақытта полиция баланы туып, тастап кеткен әйелді анықтап үлгерген. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы іске қатысты қылмыстық іс ашылды деп хабарлады.

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале