30.07.2024, 15:00
Оқылды: 161

Оралда алаңда ат тепкен бес жасар бала ауруханаға жатқызылды

Орал қаласындағы тұңғыш Президент алаңында бес жасар баланы ат теуіп, жарақаттады. 

Жедел жәрдем ЖП

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 27 шілде күні шамамен сағат 19.00-де болды.

«Оқиға салдарынан 2019 жылғы бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жарақат пунктіне жеткізілді. Жылқы иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 407-2-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде 36 920 теңге айыппұл салынды», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бала травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр, қажетті ем алып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале