3.09.2019, 12:56
Оқылды: 63

Оралда «Алтын көпір» халықаралық фестивалі басталды

Бүгін Орал қаласындағы «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде «Алтын көпір» халықаралық фестивалі ашылды. Оған Ресейдегі қазақ диаспорасының жас өкілдері, яғни жоғары оқу орнының белсенді, көшбасшы студенттері, фото және видео операторлар, жас тілшілер қатысты.
altyn kopir (8)

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестивальдің мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтауға, рухани-мәдени мұраны нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру арқылы Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының жастарымен мәдени-әлеуметтік байланыс орнату. Сондай-ақ Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік қолдау көрсету.

altyn kopir (4)

-Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! Батыс Қазақстан облысы  Ресейдің бес облысымен шектеседі. Бүгінгі маңызды шараға көршілес Ресей Федерациясынан қонақтар келді. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы бері Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қиырда қалған қазақтарды ешқашан ұмытқан жоқ. Ата жұртына тарту жұмыстары да толастаған емес.

altyn kopir (1)

«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылып отырған бүгінгі шара екі елдің арасындағы әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту мақсатын көздейді. Шетте жүрген бауырларымыз ана тілін, салт-дәстүрін, ұлттық өнерімізді ұмытпаса екен дейміз,- деді шараның ашылу салтанатында сөз алған Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

altyn kopir (7)

Бір аптаға созылатын фестиваль аясында облыс аумағындағы тарихи-мәдени нысандарға саяхаттар жасалып, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жасау бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Ұлттық код негізі ұлттық тәрбиеде» және «Жастар – ел болашағы» тақырыбында сұхбат алаңдары, қазақ тілін оқыту курстары өткізілмек.

altyn kopir (9)

Гүлсезім Бияшева,

суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале