6.03.2017, 12:37
Оқылды: 41

Оралда антитеррорлық оқу-жаттығулар өтуде

Бүгін, 6 наурыз күні Орал қаласы аумағында терроризм актілеріне тосқауыл жасау жедел штабы жоспарлы «Орал Антитеррор-2017» жедел-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізуде.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Оқу-жаттығулары өтіп жатқан аумақтарда жаяулар мен көліктердің жүруіне шектеу жасалуда. Сол себепті арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарап, сабыр сақтауларыңызды сұраймыз» делінген БҚО жедел штабының БАҚ-пен байланыс тобынан келген ақпаратта.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале