3.07.2024, 14:31
Оқылды: 121

Оралда апатты деп танылған тұрғын үйлер сүріліп жатыр

Оралда су тасқыны салдарынан апатты деп танылған тұрғын үйлерді сүру жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2D732DB6-E814-4D26-9ED9-E85D866B225F

Фото: видеодан скриншот

Көктемгі тасқын кезінде жалғыз баспанасын су басқан отбасыларға жаңа пәтерлер берілуде. Қазір олардың саяжайдағы апатты үйлері сүріліп жатыр.

Сүрілген үйлердің жері мемлекет меншігіне қайтарылады.

Бұл жұмысты бес мердігер мекеме атқаруда. Әзірге 27 тұрғын үйді демонтаж жасау аяқталған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қалада су тасқынынан зардап шеккен 800-ге жуық отбасыға жаңа пәтер берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале