Орал қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов сайлауда дауыс берді. Ол №510 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Мынатаубиік Әнесов Қазақстанда атом электр станциясын салуға байланысты референдумға қатысты өз ойымен бөлісті.
– АЭС салу туралы референдумда еліміздің әрбір азаматы белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы қажет. Бұл – елдің болашағы үшін маңызды. Дауыс берген әр адамның таңдауы арқылы дұрыс шешім қабылданады, - дейді Орал қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы.