6.10.2024, 19:11
Оқылды: 145

Подстепный ауылында ғасыр жасаған әжей дауыс берді 

Подстепный ауылында тағы бір тарихи оқиға болды. Расы керек, көпті көрген қариялар азайып барады. Санаулы қарттарды құрметтеу, ізет білдіру – бұлжымас парыз. №367 учаскесінде тіркелген ғасыр жасаған Мақпал Мұқанғалиева да өз таңдауын жасады.

IMG_4765

Аталмыш учаскенің комиссия мүшелері Қанат Ермұқанов пен Амандық Хайруллин әжейдің шаңырағына арнайы барып, референдумға қойылған сауал бойынша дауысын алды. Тағдыр тауқыметін тартса да, қиындыққа мойымай алты бірдей баланы қиын-қыстау кезеңде өз күшімен өсірген асыл ана ел болашағының жарқын боларына кәміл сенеді.

Жүзге келсе де тың қалыппен алғыс жаудырған ол дауысын беріп болған соң ағынан жарылып, батасын берді.

–Ел-жұртым аман болсын, бала-шағаң,

Жоғары болсын жұлдызың,

Аман болсын ұл-қызың,

Дәулетті, малды бол,

Жұқармас жалды бол,

Мақтанатын достарыңның алды бол,

Қазағымның даласына ырыс қонсын,

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- деді ақжаулығы сынды ақ батасында.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале