18.06.2020, 10:01
Оқылды: 11

Оралда арнайы топ қала дүкендеріне мониторинг жүргізді

Орал қаласы әкімдігі мен қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасы мамандары шаһар орталығындағы сауда орындарына мониторинг жасады. Бұл жолы арнайы топ мүшелері Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы дүкендер мен сұлулық салондарында, алкомаркеттер мен тамақтану орындарында санитарлық талаптардың орындалуын қадағалап, сақтық шараларына немқұрайлы қараған кәсіп иелеріне ескерту жасады.

????????????????????????????????????

Алдымен азық-түлік дүкеніне кірген мамандар сатушылары мен сатып алушылардың арнайы бетперде мен жұмысшылардың дене қызуын өлшеу журналдарын тексерді. Сондай-ақ арақ-шарап сататын дүкен сатушысына да сақтық шараларын сақтау керектігі ескертілді. Ал санитарлық талаптарға немқұрайлы қараған сұлулық салоны иесіне арнайы акт толтырылды. Мониторингтік топ бұдан бөлек «Суровский» дүкені мен «VOK» асханасы және «Donerum Park» жылдам тамақтану орнына бас сұқты. Аталған нысан жұмысшылары да басшылығы да сақтық шараларын сақтап, жұмыстануда екен. Тіпті артық маска мен қолғаптар, дене қызуын тексергендігін растайтын журналдарды да уақтылы жүргізуде.

????????????????????????????????????

– Карантиндік режім алынғанымен қауіпсіздік шаралары сақталуы керек. Сол себепті күн сайын арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бүгінгі тексеріс қорытындысында бір сұлулық салонының қызметкерлері санитарлық талаптарды сақтамағаны анықталды. Оларға кеткен олқылық түсіндіріліп, нысан уақытша жабылды. Барлық көрсетілген талаптар толық орындалған соң ғана ашылуға рұқсат беретін боламыз, – дейді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау басқармасының жетекші маманы Жанбота Шыныбекова.

????????????????????????????????????

Кезекті тексеріс барысында көпшіліктің әдеттегідей қорғаныс бетперделерін кимей, сатушылардың арнайы қолғапсыз жұмыс жасауы сияқты олқылықтар анықталды. Осы ретте санитар-эпидимиолог мамандар қала тұрғындарын сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырады.

????????????????????????????????????

Түгелбай Бисен
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале