20.02.2023, 18:03
Оқылды: 12

Оралда әскери бөлімнің құрылған күні аталып өтілді

Орал қаласында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің құрылған күні аталып өтілді. Іс-шараға әскери бөлімнің ардагерлері, құқық қорғау органдарының басшылары және әскери бөлімнің жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы, капитан Ертуған Әубакир.

3BD32639-B34F-4B07-A95F-B4B40C13FD9C

1995 жылы 20 ақпанда Орал қаласындағы қоғамдық тәртіп пен ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 5517 әскери бөлімі құрылды. Сол күннен бері 20 ақпан бөлімнің мерекелік күні болып аталып өтіледі. Биылда әскери бөлімнің жеке құрамы әдеттегідей 28 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуде.

FA61872B-1960-4556-9891-4DE4DE420806

«Бүгін мен үшін өте ерекше күн, себебі біздің әскери бөлімнің құрылғанына 28 жыл толып отыр. Әрине, бұл аз уақыт емес. Біздің әскери бөлім жеке құрамы тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінде өздеріне бекітіліп берілген жауынгерлік тапсырманы абыроймен атқарып келеді. Сондай-ақ әскери бөліміміз  мемлекетімізбен бірге есейіп, өздеріне артылған міндетті сенімді атқарып, Ұлттық ұлан әскерінің даму жолында өз үлесін қосуда. Біздің әскери қызметкерлерде өздерінің міндеттерін үлкен абыроймен атқаруда. Олардың арасында үздік қызметімен көзге түсіп жүргендер де баршылық. Әскери бөлімнің құрылған күні мерекесі қарсаңында барлық осы әскери бөлімге еңбегі сіңген ардагерлерімізді, жалпы жеке құрамды осы айтулы мерекемен құттықтаймын. Отанымыздың өркендеуі жолындағы жауапкершілігі жоғары қызметтеріне толағай жетістіктер тілеймін. Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын, - деді 5517 әскери бөлім командирінің уақытша міндетін атқарушы подполковник Думан Галеев.

989051F6-EFC6-42A9-984A-484A95627E4B

7B8A8E61-DF33-4EE5-90E1-3D81EC7B262D
Сонымен қатар, іс-шара қонақтары сөз сөйлеп, бөлімнің жеке құрамын айтулы мерекемен құттықтады. Бұдан басқа мінсіз қызмет еткен және жауынгерлік дайындықта үздік деп танылған бірқатар әскери қызметшілер алғысхаттармен және грамоталармен марапатталып, іс-шара Жастар мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале