14.10.2024, 11:00
Оқылды: 125

Оралда әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлері арасында байқау өтті

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Ана тілім – айбыным» атауымен әскери және құқық қорғау салалары қызметкерлері арасында облыстық байқау өтті.

5c82c12b-b231-478e-bff6-f38544697e04

БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған іс-шара аталмыш сала өкілдерінің арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін, маңызын және құқықтық мәдениет пен ізігілік, парасаттылық рухын арттыруды мақсат тұтты.

5e935734-3e16-496f-a703-3ddd7341e9fa

Байқауда бақ сынаған БҚО ТЖД-ның «Жалын», БҚО полиция департаментінің «07 аймақ», ҰҚК Шекара қызметі БҚО департаментінің «Қалқан» және ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің «Айбын»командалары жақсы дайындықпен келгенін көрсетті.

4ec16cba-1186-4e8c-8801-d1e0c52aa02c

Олар «Ана тілім – айбыным», «Мамандығым – мақтанышым», «Елтаным», «Өнерліге – өріс кең» сынды кезеңдер бойынша сынға түсті.

a3cd0dd0-5b15-4672-95c6-dc74bcb003ca

Ақын-ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі, жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызы жетекшілік еткен қазылар алқасының шешімімен «07 аймақ»командасы үздік болды. «Жалындықтар» екінші орын алса, қалған 3 орынды «Қалқан» мен «Айбын» өзара бөлісті.

Қуаныш Қали

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале