10.12.2022, 10:18
Оқылды: 73

Оралда әскерилер арасында волейболдан жарыс өтті.

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде ел тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай әскерилер арасында волейболдан  бөлім командирінің кубогы үшін ойын өтті. Орал қаласы дене шынықтыру спорт бөлімі, Облыстық жастар мен жұмыс жөніндегі ресурсы, «Динамо» спорт қоғамының қолдауымен өткізілген спорттық бәсекеде алты команда өзара бақ сынады.

әскер

Жарысқа «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық ұланға қарасты 5517-әскери бөлімі, «Батыс» өңірліқ   қолбасшылығы ардагерлер ұйымының «Ардагер» командасы, 2 – атқыштар ротасының командасы, жедел мақсаттағы батальон командасы және материалдық – техникалық қамтамасыз ету ротасының командалары  қатысты.

әс вол

Спорттық жарыстың ашылу салтанатында 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Сағындық  Алқайдаров сөз сөйлеп, әскери қызметшілердің арасында спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты. Сонымен қатар қатысушыларға сәттілік тілеп, спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын орнықтырудың маңызын атап көрсетті.

Өткізілген жарысқа қатысушылар бар шеберліктерін көрсетіп, өз командасы үшін аянып қалмады.

Тартысты өткен жарыстың қортындысы бойынша 2 – атқыштар ротасының командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды 5517 әскери бөлімінің басқарма офицерлері иеленді, ал үшінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы қанағат тұтты. Жеңімпаз-жүлдегерлер кубок, грамота, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар қатысушылар арасында келесідей номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Үздік ойыншы» номинациясына 5517 әскери бөлімінің басқарма офицерлері командасының ойыншысы капитан Логунов Андрей,  «Үздік тосқауылшы» номинациясына «Батыс» өңірлік қолбасшылығы командасының ойыншысы подполковник Губашев Мамай,   «Үздік байланыстырушы» номинациясына «Батыс» өңірліқ   қолбасшылығы ардагерлер командасының ойыншысы запастағы майор Молдашев Темирхан,  «Үздік шабуылшы» номинациясына 2- атқыштар ротасы командасының ойыншысы лейтенант Танжарбай Жасұлан иеленді.

Капитан,

Ертуған Әубакир

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале