Қазақстан халқы 1 мамыр - ынтымақ пен бірлік күні. «Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан Аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жанқанын тойлайды.
Бүгінде осындай іс-шара Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында "Тіл - татулық тірегі" атты шара ұйымдастырылып өткізілді. Әскери бөлімде елімізді мекендеген ұлттардың достастығы мен татулығын, ынтымағын паш ететін керемет кеш өтті.
Кеш барысында мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты "Шабыт ", "Әйгерім" аула клубы тәрбиеленушілері және Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері "Берегиня" халық украин хоры өнер көрсетіп, бір шаңырақтың астында тұрып жатқан ұлттардың ән-билері шырқалды.
-Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл күн – ынтымағы тұрмысына ырыс, татулығы бірлігіне тыныс біртұтас еліміздің ортақ мейрамы деді, - тәрбие бөлімшесінің офицері майор Алмагүл Жұмабекова.
Осынау ортақ шапағат пен шаттықтың мерекесі елімізге құт, көңілдеріңізге қуаныш сыйласын. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, бейбіт өмірде күн кешейік. Мереке құтты болсын!
Ертуған Әубакир,
капитан
zhaikpress.kz