24.06.2022, 15:30
Оқылды: 52

Оралда автобус неге ерте тоқтайды?

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевпен кездесуге келген оралдықтар қаладағы қоғамдық көліктердің қызметіне шағымданды. Ол аздай кешкісін өте ерте тоқтайды деп наразылық білдірді.

кез1

Қала тұрғыны Ақбота Ақдәулетова:

«Облыс орталығында тұрғанымыз не керек, кешкі сағат 20:00 - ден кейін автобус келмейді. Сегіз деген тым ерте ғой. Әсіресе қаланың шеткі аудандары Зашаған, Сарытау, 9-шағын аудан жағына қатынау тіпті мүмкін емес. Біз 1500-2000 теңгеге такси шақырамыз. Неге қоғамдық көліктердің қатынасы қадағалаусыз? Ол аздай демалыс күндері тіпті жүрмей қояды. Сонда біз таксимен жүруіміз керек пе?».

Қала әкімі Миржан Сатқанов бұл проблемадан хабардар екенін айтты.

«Иә, мен бұл мәселені білемін. Шағымдар жиі түседі. Демалыс күндері өте сирек жүретіні де рас. Біз қазір электронды билет төлемін енгізіп жатырмыз. Осы жүйені толық аяқтаған соң әр автобустың қай жерде, нешеге дейін жүретінін қадағалауға мүмкіндік болады. Күн тәртібінде тұрған мәселе. Шешу жолдарын қарастырып жатырмыз», - деді.

кез

Деркөл шағын ауданының тұрғындары бассейн сұрады. Олар бүгінде жүзу бассейнінің жоқтығынан қалаға сонау Деркөлден балаларын тасымалдауға мәжбүр.

Сұраққа өңір басшысының өзі жауап берді.

кез3

«Біз үнемі бизнес жоспарларды қолдап келеміз. Егер бір кәсіпкер Деркөлге бассейн саламын десе жер телімін беруге дайынбыз. Мемлекеттік қолдау көрсетеміз. Осындай жолмен Деркөлден бассейн ашуға болады. Біз көп балалы үйдің балалары мен аз қамтылған отбасыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін бассейн салуымыз керек, - деді Ғали Есқалиев.

Кездесу барысында Ғали Есқалиев жұмыссыздық, жол, әлеуметтік көмек, баспана мәселесіне қатысты сұрақтардың бәріне жауап берді. Кездесуден кейін әкімнің жеке қабылдауы өтті.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале