2.08.2023, 14:45
Оқылды: 44

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Орал қаласында автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖП ДОМ (6)

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 тамыз күні таңмен болды.

Сағат 07.40-та облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы операторына Сырым Датұлы көшесі бойында «Ел ырысы» аялдамасына жетпей 6-бағытта жүретін автобус жеңіл көлікпен түйіскені туралы хабар түскен.

«Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 1964 және 1970 жылғы екі әйел облыстық көпбейінді аурухананың жарақат бөліміне жеткізілді. Олар травматолог дәрігердің қабылдауында болып, қажетті медициналық тексеруден өтіп, көмек көрсетілді. Екеуіне де амбулаториялық ем тағайындалып, үйлеріне жіберілді» деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда терезеден секірмек болған қарияның құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале