21.07.2022, 10:45
Оқылды: 43

Оралда автокөлік қағып кеткен 72 жастағы кейуана көз жұмды

Оралда жол апаттарынан кейін бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220720225255749e

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші оқиға 20 шілде күні сағат 08.10-да Х.Доспанова мен 8 наурыз көшелерінің қиылысында болды.

«Киа Рио» автокөлігінің жүргізушісі бұрылар сәтте жол бермей, «Кавасаки» мотоциклімен түйіскен. Автокөлікте 1993 жылғы жүргізуші мен екі жасар бала болған.

Оқиға салдарынан 32 жастағы мотоциклші мен екі жасар бала жарақат пунктіне жүгінді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген 2020 жылғы бала алдын ала диагноз бойынша бас пен мидың жабық жарақатын алған.

1990 жылғы ер адамның бас пен мидың жабық жарақатына қоса миы шайқалған. Ол облыстық ауруханада жатыр.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша кеше түнде тағы бір жүргізуші «Хундай Акцент» автокөлігімен Н.Назарбаев даңғылымен келе жатып, Ж.Молдағалиев көшесімен қиылысар тұста реттелетін жаяу жүргінші өткелінде 22 жастағы қызды қағып кетті.

Алдын ала мәлімет бойынша бас пен мидың жабық жарақатын алған. Жүргізуші медициналық куәландыруға сәйкес ішімдік ішпеген.

Сонымен қатар 20 шілде күні шамамен сағат 19.40-та 1988 жылғы жүргізуші ВАЗ-210740 автокөлігімен Карбышев көшесі бойында белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 1950 жылғы әйелді қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел көз жұмды» деп хабарлады ведомстводан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы екінші оқиға бойынша жедел жәрдемнің сағат 23.29-да шақырылғанын жеткізді. Облыстық ауруханада жатқан қыздың жамбасы да сынған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан 8 адамның қаза табуы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале