2.12.2022, 20:11
Оқылды: 43

Оралда азаматтық форум өтуде

Оралда «Ашық қоғам. Тұрақтылық. Нәтиже» атты Батыс Қазақстан облыстық азаматтық форумы өтуде. Азаматтық форум – бұл мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бас қосу алаңы. Форум жұмысына облыстық және аудандық үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары, қала және аудан әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, жастар ресурстық орталық өкілдері, бизнес қауымдастығы және БАҚ өкілдері қатысуда.

F55108A1-6C87-4F50-82E1-06D5FBA2C9E3

Форум жұмысы пленарлық отырыспен басталып, әрі қарай тақырыптарға сәйкес бөлінген секциялардағы жұмысқа жалғасты. Форум жұмысына «КАМЕДА» қоғамдық қорының директоры, Астана қаласындағы ҮЕҰ Альянсының атқарушы директоры Махаббат Еспенова мен «ИНМИР» қоғамдық қорының директоры, Алматы қаласындағы «Азаматтық бақылау» коалициясының үйлестірушісі Светлана Ушакова арнайы шақырылған.

181AC3C0-0873-42BD-8291-CC297C65C831

– Бүгін өңірімізде жақсы шара өтуде. Бұл –  «Ашық қоғам. Тұрақтылық. Нәтиже» тақырыбындағы облыстық азаматтық форум. Форум азаматтық ресурстық орталық жобасының аясында өтуде. Жоба – «Жайық таңы» ҚБ ұйымдастыруымен БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бүгінгі форумға ауылдағы, облыстағы үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, азаматтық белсенділер, блогерлер, БАҚ өкілдері және волонтерлер қатысуда. Олар жоба аясында ортақ алаңда кездесіп, жыл аяғында атқарған жұмыстары мен оның нәтижелерін, қазіргі таңдағы өзекті тақырыптарды талқылайды, - дейді «Жайық таңы» ҚБ төрайымы, азаматтық форумның ұйымдастырушысы Гүлбаршын Мұштанова.

3665D0F6-BD4A-448A-B230-C5F3915B0CCA

Секция отырыстары «БҚО аумақтық дамуын жаңғыртудың негізі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру: модельдер мен механизмдер» және «Азаматтық қоғамды қалыптастыру: мемлекет әрекеті мен ҮЕҰ нәтижесі» атты екі тақырыпқа бөлінген. Бірінші секцияның спикерлері – Хайдар Капанов, «Batys Analitics» ҚҚ директоры, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Светлана Ушакова, «ИНМИР» қоғамдық қорының директоры, «Азаматтық бақылау» коалициясының үйлестірушісі (Алматы қ.), Жұбан Жұмағалиев, Деркөл кентінің әкімі және Жаннұр Ахметов, Ақсуат ауылдық округінің әкімі.

4A592704-E7F4-4554-A048-E5540C0ED5EF

Екінші секцияның спикерлері – Светлана Тенишева, «Батыс Қазақстан Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Махаббат Еспенова, «КАМЕДА» қоғамдық қорының директоры, Астана қаласындағы ҮЕҰ Альянсының атқарушы директоры, Заки Бауыржан, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі және Мәншүк Бахитова, «Сырым жауһарлары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

09DA4818-3215-4F83-917D-59FFC0CFB8F5

Секциялардағы жұмыстардан кейін форум жұмысы қорытындыланады және жыл соңындағы нәтижелер мен көрсеткіштер бойынша марапаттау рәсімі өтеді.

Альфия Шамаева,

Суреттерді түсірген: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале