23.08.2026, 13:57
Оқылды: 43

Оралда  «Әжелер» ансамблі өнер көрсетті

Құрылтайға сайлау күні Орал қаласындағы №439 сайлау учаскесінде мерекелік көңіл-күй тудыратын ерекше мәдени шара ұйымдастырылды. «Әжелер» ансамблі ұлттық киімдерде , дауыс беруге келген тұрғындарға өнер көрсетті.

d1913e0f-b15d-41b0-97cb-3979a11ade71

Ансамбльдің әндері мен халықтық әуендері сайлау учаскесінің алдында шырқалып, келген адамдардың көңілін көтерді. Көне дәстүр мен ұлттық мәдениетті насихаттайтын ансамбль мүшелері өз өнерімен жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тұрғындар өнер көрсетуге қуанып, әжелердің орындауындағы халық әндерін тыңдай отырып, дауыс беруге белсенді қатысуға ынталанды. Мұндай мәдени шаралар сайлау учаскесіне келген әрбір азамат үшін тек дауыс беру рәсімін ғана емес, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

-«Әжелер» ансамблінің әнін тыңдап, көңіліміз көтерілді. Бұл - сайлауға келудің ерекше сәті. Мәдениет пен дәстүрді біріктіріп, балаларымызға үлгі көрсететін шара екен, - дейді қала тұрғыны.

БҚО ӨКҚ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале