23 және 29-30 желтоқсан күндері, сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Ықсанов көшесінің бойында жаңа жылдық азық-түлік тауарларының кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді.
Аталған жәрмеңкеге қала маңының және облыстың тауарөндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысатын болады.
Тауар өндірушілерге сауда орындары тегін берілетін болады.
Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі