Орал қаласында балабақшалардың қызметі қайта тоқтатылды.
БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өңірде коронавирусқа шалдығу деңгейінің төмендемеуіне байланысты карантин мерзімін 15 маусымға дейін ұзартқан болатын. Қалалық білім беру бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, жағдайдың күрделілігін ескере отырып, балалардың қауіпсіздігі үшін қала әкімдігі жанындағы жедел штабтың 24 мамырдағы отырысы негізінде карантин режимі аяқталғанша барлық меншік түріндегі балабақшалардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханованың айтуынша, облыс орталығында 50 балабақша бар. Балабақшалар бұған дейін 20 мамырда қызметін бастап, бар болғаны үш күн бүлдіршіндерді қабылдаған болатын. Онымен облыстағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты бүлдіршіндер балабақшаға қайтадан бара алмайтын болды.
zhaikpress.kz