9.04.2023, 11:48
Оқылды: 78

Оралда "Батырларға тағзым" патриоттық акциясы өтті

Бүгін жастар арасында әскери-патриоттық бағытта бірнеше жобаларды ұйымдастырып жүрген «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігі бұл жолы Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңіс мерекесіне арналған "Патриот" айлығы аясындағы "Батырларға тағзым" патриоттық акциясын өткізді.

WhatsApp Image 2023-04-09 at 09.15.00

WhatsApp Image 2023-04-09 at 09.14.54

WhatsApp Image 2023-04-09 at 09.20.37

WhatsApp Image 2023-04-09 at 09.20.37 (1)

WhatsApp Image 2023-04-09 at 09.20.38

WhatsApp Image 2023-04-09 at 09.24.27

WhatsApp Image 2023-04-09 at 09.14.59

WhatsApp Image 2023-04-09 at 09.14.55 (1)

WhatsApp Image 2023-04-09 at 09.14.56

Ең алдымен «Қазақ елінің даңқты қыздары» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастаған белсенді жастар: «Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен аға-әпкелердің даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына, қан көйлек жолдарына, біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Біз сол тамаша Жеңістің ұлы мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталады!» - дейді.

«Патриот» айлығы аясындағы іс-шаралар 9 сәуірден бастау алып, бір ай бойы өз жалғасын табатын болады. Акция аясында қала тұрғындарына жеңіс ленталары таратылып, аптаның әр жексенбі күні елі үшін қаза тапқан батырлар рухына тағзым ету мақсатында гүл шоқтары қойылады. Патриоттық акция аясында Ұлы Отан соғысы, Ауған, Таулы-Карабах қақтығысы ардагерлеріне құрмет көрсетіп, игілікті іс-шаралармен жалғаспақ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале