Бүгін қалалық әкімдіктің кіші залында Орал қалалық мәслихатының хатшысы А.Әубекеровтің төрағалығымен, Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен кеңес отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібіндегі мәселе – Орал қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды белгілеу және оны пайдалану тәртібін айқындау, қатысушылардың шекті нормасын бекіту, бейбіт жиналыстарды өткізетін орындарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеу өткізуге тыйым салынған аумақтардың шекараларын анықтау болатын.
Кеңес құрамы алдында сөз алған Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Кушеков Орал қаласында бейбіт жиналыстарды өткізу орындары белгіленген аумақтар туралы айтты.
– 2020 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы күшіне енген болатын. Осы Заңға сәйкес жергілік атқарушы органдар бейбіт жиналыстарды өткізетін орындарды, оның материалдық-техникалық жасақталуын, пикеттер өткізуге тыйым салынған аумақтар шекараларын айқындап алуы тиіс. Арнайы орындар елді мекендердің орталық бөлігінде болуы тиіс. Орал қалалық мәслихатымен бейбіт жиналыстарды өткізетін арнайы орындарды анықтау үшін шешімнің жобасы дайындалды. Бүгін осы мәселелерді талқылауға жиналдық. Біз Қоғамдық кеңес мүшелеріне бейбіт жиналыстарды өткізу үшін келесі орындарды ұсынамыз:
2.Мұнайшылар мен геологтар гүлбағы (Орал қаласы, С.Даумов көшесі), шекті толу нормасы – 500 адам.
Ал бейбіт жиналыстарды өткізу және пикетшілердің жүру бағыты Пугачев көшесінен Исатай-Мапхамбет көшесі бойымен Сарайшық көшесінің қиылысына дейін болады, – деді Е.Кушеков.
Қоғамдық кеңес мүшелері Әліби Оразов бейбіт жиналыстар өтетін орындарға халық көп жиналатындықтан қоқыс қалдықтарын салатын урналар қою керектігін айтса, Валерий Голоухов бейнебақылау орнатуды ұсынды. Қоғамдық кеңес мүшелерінен қолдау тапқан жоба Орал қалалық мәслихатының қарауына жіберілді.
Айнагүл Серікқызы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер